|
| « Мамыр 2012 » | | Жек | Дүй | Сей | Сәр | Бей | Жұ | Сен | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
|
Main Registration Login RSS |
Welcome Guest |
-
Уәлибек, ердің жасы елуге келгеніңіз құтты болсын! Мерейтой аясында
Алматы қаласында «Шаншар» театрының 15 жылдығын атап өтіпті деп есітіп,
қуанып жатырмыз. Ендеше, той қалай өтті, елдің ықыласы қалай болды? Сол
жөнінде пікір бөлісе отырыңыз?
- Мерейтойды атап өту театрымыздың дәстүрінде жоқ. Әйтпесе, өткен
жылдың соңында Жүсіп те елуге келген, бірақ атап өтпеді. Өзім ел-жұртты
шақырып, туған күнін тойлайтындарды түсіне алмаймын. Себебі, туған күн
жасайтындар жұртты тойына шақырып, қинап жатады. Егер бара алмайтыныңды
айтсаң, өкпесі қара қазандай болады. Әрбіріміздің өмірге келуімізге
Алла тағаладан нәсіп болып, ата-анамыз тапқан. Егер өмірге келгеніне
риза болса, қой сойып, құран оқытсын. Дүниесі артылып жатса,
ата-анасына сый-сияпат жасасын. Қырыққа толып, қыр асқанымда «Ерен
еңбегі үші... ары қарай оқу
|

-Заттыбек аға, сіздің Шымкент қаласынан Алматыға қоныс
аударғаныңызға бір жылдың көлемі болды. Оңтүстік астанамызға келгелі,
шығармашылығыңыз қалай өрбіп жатыр?
-Шымкент қаласымен салыстырғанда, Алматы қаласының
шығармашылық кеңістігі үлкен ғой. Дегенмен, өзім Алматыға келген бір
жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай елеулі жаңалықтар болған жоқ.
Бірақ, осындай үлкен мәдени орталыққа көшіп келген соң, бір орында
тұрақтап қалу мүмкін емес. Сол себепті, алдағы уақытқа белгілеп қойған
үлкен мақсат-жоспарларым баршылық. Барлығы болашақтың еншісіне бұйырулы
тұр.
-Өзіңізге танымалдық әкелген «Ақ маржан» әніңізсіз, бүгінде ешқандай той өтпейтін болды. Бұл ән кімге арналып жазылған?
- Осы сұрақ маған көп жерде қойылады. Тіпті кейбіреулер: « Осы ән
кел... ары қарай оқу
|
-Жігіттер, жақында сіздерді «жаңадан құрылған орыстілді
«Вояж» тобымен бірігіп, бейнебаян түсіріп жатыр» деп есітттік.
«Нұр-Мұқасанның» жігіттері қазақшаны қойып, орысша ән айтуға кірісіп
кеткен бе?
-(Екеуі де күлді). Жоқ, орысша ән айтып кеткен түгіміз жоқ. Ал,
«Вояж» - дауыс диапазоны кең екі қыздан құрылған жаңа топ. Бұған дейін,
«Вояж» тобының репертуарында қазақша ән болмапты. Бұл топқа қамқорлық
танытып, қол ұшын созып жүрген бір жақын кәсіпкер досымыз бізге олармен
бірігіп ән айту жайлы ұсыныс білдірді. Ол: «Жігіттер, қыздардың қазақша
ән айтуына көмектесіп, шығармашылықтарына бір серпіліс орнатуға
көмектесіп жіберіңдерші!» - деп ұсыныс айтқан соң, біз келістік. Сосын
, ақын Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған «Сен жоқ жерде» атты жаңа әнге
бейнебаян түсірдік. Оны жақын арада жергілікті телеарналардың бірінен
тамашалайтын боласыздар. Одан бөлек, өз репертуарымызды бірнеше жаңа
әндермен толықтырып жатырмыз. Сонымен... ары қарай оқу
|
Жұбаныш ЖЕКСЕН:
- Cіз сұранысқа ие әншісіз. Бірақ әлі күнге дейін сапасы керемет
бейнебаяныңызды, болмаса фотосессияңызды көргеніміз жоқ. Сонда сараң
адамсыз ба?
- Жоқ (күліп). Сараңдық емес, мұны кішкене салақтық, салғырттық деуге
болатын шығар. Сапалы деуге келе ме, келмей ме, «Өмір жолы» деген әніме
түсірілген жібі түзу бір ғана бейнебаяным бар. Оның өзі Бағлан Омаров
болмаса, түсірілмей қалуы мүмкін еді. Арнайы түсірілген сапалы
фотосессиямның жоқ екені де рас. Мұның барлығы менің жалқаулығымнан,
еріншектігімнен, көп нәрсеге мән беріп қарай бермейтіндігімнен деп
ойлаймын. Үйде әйеліме, сыртта достарыма сеніп жүре беретін қасиетімнің
арқасында көп жағдайда заттарым жоғалып, шатасып, кейбір жұмыстарым
орындалмай қалып жатады. Бұл - көпшілік шығармашылық адамдарына тән
қасиет деп ойлаймын. Дегенмен, алдағы уақытта сапалы фотосессия жасауды
жоспарлап отырмыз.
- «Алаяқтар» фильмінде сіз сомда... ары қарай оқу
|

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, белгілі әнші
Асқар Жүнісбековпен жүздесіп, «Күйтабақтың» атынан әңгімеге тартқан
едік. Аталған мерекенің мән-маңызы, әскери бағыттағы әндердің аздығы,
сұхбаттасушымыздың азаматтық борышын неге өтемегендігі және бұдан да
басқа жайттар сөз болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
- Ортақ мереке құтты болсын! Алдымен жыл сайын 7 мамыр
күнін қалай қарсы алатыныңды айта кетсең…
- Рахмет, бірге болсын! Өз басым осы мейрамды ерекше патриоттық
сезіммен қарсы алуға тырысамын. Қанша айтқанмен, жылына бір-ақ рет
келетін төл мерекеміз ғой (күліп). Көктемнің шуақты күндерінің бірінде
тойланатын мейрамның көбіне-көп гастрольдік сапарыммен тұспа-тұс
келетінін жасырмаймын. Міне, биыл да еліміздің ба... ары қарай оқу
|
Мейрамбек БЕСБАЕВ:
- Көпшілік көзайымына айналған «МузАрт» тобының құрылғанына
биыл 10 жыл толыпты. «Алдыңа қарап пікір ет, артыңа қарап шүкір ет»
дегендей, өткен күндерге көз жүгіртіп, бір есеп жасаған боларсыздар?
- Қазіргі таңда тележурналист Айбар Олжай ансамбль туралы деректі
фильм дайындау үстінде. Туындыда он жыл ішінде жүріп өткен жолдарымыз
баяндалады. «Осы уақыт ішінде біз не істей алдық, қандай жетістікке
жеттік, қандай белестерге көтеріліп, қандай асуларды бағындырдық?» деген
сұрақтарға жауап беруге күш салды. Әрине, барлық кезеңді қамту мүмкін
емес, дегенмен негізгі жұмыстарымызға тоқталады.
Жалпы, есімізде қалған жарқын сәттер өте көп. Мақсатпен бірге жүрген
күндеріміздің өзі бір бөлек әңгіме. Вокалды-аспаптық ансамбльдің
құрылғаны да тобымызға өзгеше леп, жаңалық әкелді. Алыс-жақын шетелдерде
өнер көрсеттік. Патшаның өлеңін айтып, қолын қысып, батасын алдық.
Сонд... ары қарай оқу
|
Ұлттық рухпен жасақтанған МузАРТ

Еліміз тәуелсіздік алған тұста қазақ музыка өнері он шақты
жыл өтпелі кезеңді басынан өткерді. Бұл жағдай, әсіресе, жас ұрпақтың
есін алған эстрада жанрында қатты білінді. Өткен ғасырдың 1970-1980
жылдары сахна төрінде салтанат құрған «Дос-Мұқасанның» екпіні басылып,
ел таныған көптеген эстрадалық топтар «балапан басына, тұрымтай тұсына»
деген күйге түсуге мәжбүр болды.
Осы кезеңде ресейлік әріптестерінің ізін қазақ жерінде сәтті
жалғастыра білген орыстілді эстрада әншілері шоу-бизнеске тез
бейімделіп, жұлдыздары оңынан туды. Қайда барсаң, Парвиз Назаров, Кирилл
Ли, дуэт «Л», «Яшлык», «Мюзикола... ары қарай оқу
|
- Бұйыртса, биыл өнердегі 10 жылдық мерейтойыңызды атап өтеді деп
естіп жатырмыз. Шығармашылық кешіңіз қашан, қай күні жүзеге асады?
- Менің әндерімнің біраз бөлігі патриоттық тақырыпта болғандықтан, әу
баста 25 қазанға жоспарлап едік. Сөйтсек, Республика сарайында бұл күн
бос емес екен. Оның үстіне, енді бұл мереке ресми тойланбайтын болды. Сондықтан 1 қар... ары қарай оқу
|
 «Белгілі
әнші Бейбіт Қорған мен оның достары бір жігітті ұрып тастапты» деген
гу-гу әңгіме ел ішінде желдей есіп жүр. Ал осыған дейін мәлімет
таратқан ақпарат көздері төбелестің қалай орын алғанын тек шағымданушы
азаматтың аузымен баяндаумен шектеліп келеді. Айдар Дәуітов болса,
судан таза, сүттен ақ екенін айтып, бар кінәні Бейбітке артып, өзіне
шаң жуытар емес. Сондықтан біз әуелі Бейбіт Қорғанның өзімен жолығып,
оқиғаның анық-қанығы мен орын алған жағдайдың жай-жапсарын егжей-тегжей
сұраған едік. Бастапқыда болған істі қайта-қайта қазбалай бергісі
келмегенімен, Бейбіт біздің басылым үшін сұхбаттасуға келісім берді.
«Бұл көпшіліктің талқысына салып, дүйім елді дүрліктіретін жағдай емес
еді. Сол жерде екеуара шешіп кетуге болатын дүние ғой» дейді, ол. Бізге
белгілі болғаны, өнер иесі сол күні қайынбикесімен бірге Атыраудан
Алматыға ұшып келе жатқан. Ұшақ борты ... ары қарай оқу
|
 Астана
мен Алматыда өтетін ақ Азиаданың әнұраны атану жолында он ән тайталасқа
түсіп жатыр. Былтыр Азиаданың ауылы алыстан қылаң берген тұста Ерболат
Құдайбергенов шырқайтын «Мен – қазақпын!» Азия ойындарының беташарында
шырқалатынын естіп, әншіге хабарласқан болатынбыз. Ерболат қуанышымен
бөлісіп, қызу дайындықтан қажып жүргенін жеткізген. Алайда, Жұбан
ақынның жалынды жырының жастар талабына, заманауи музыкаға сай өңделген
нұсқасын біз үміткер он әннің қатарынан көре алмадық. Жастардың рухын
көтеріп, дүр сілкіндірген әннің шетқақпай қалғаны қалай? Бұл туралы
Ерболат Құдайберген былай дейді: – Иә, бізді кеудемізден итерді. Не
үшін олай жасағанын білмеймін. Мен бұл туралы айтып шаршадым. Енді
Азиаданың ашылуына да, жабылуына да қатысқым келмейді. Ұйымдастырушылар
былтыр өздері «Мен – қазақпын!» Азиадада шырқалатыны туралы жұртшылыққа
жария қылған, ен ... ары қарай оқу
|
|
|